Қоғамдық көлік

Астана әуежайы қалалық такси және қоғамдық көлік арқылы әуежайға келу және әуежайдан кету мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Кесте туралы толық ақпаратты www.infobus.kz, сайтынан көруге болады, сайтта сіз қоғамдық көліктер бағыты туралы жан-жақты ақпарат аласыз, қала бойынша әрбір автобустың онлайн режімде мекенін көре аласыз, автобус аялдамалары арқылы өткен автобустардың нөмірлерін біле аласыз.

Қазіргі уақытта әуежайда  № 10,12 және 100 автобустар жолаушылардың тасымалын жүзеге асырады.

автобус

№100 жаңа экспресс бағдарының жүру схемасы төмендегідей: Бастапқы пункт «Нұрлы жол» теміржол вокзалы»-нан шығып – ары қарай Байтұрсынұлы к., – М1 көпірі, – Мәңгілік Ел даңғылы – Қабанбай батыр даңғ., – соңғы аялдама «Халықаралық әуежай». Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

100 рус

Бағдары бойынша жүретін №10 және №12 автобустарының бағыты

Әуежай – қала – Әуежай

№10 бағытының қаладан әуежайға бағыт алуы 5.50-23.00, рейстер арасындағы интервалы 10-15 минут

№10 бағытының әуежайдан қалаға бағыт алуы 6.20 – 00.00, рейстер арасындағы интервалы 10-15 минут


№12 бағытының әуежайдан қалаға бағыт алуы 7.50 – 22.30, рейстер арасындағы интервалы 15 минут

№12 бағытының қаладан әуежайға бағыт алуы 6.40 – 21.20, рейстер арасындағы интервалы 15 минут


Автобуспен жүру құны 2016 жылы 90
 теңгенi құрайды.

Автобустардың жұмыс уақыты 6:00 бастап –00:00 дейiн

Астаны қ. теміржол вокзалы:

Анықтама қызметінің телефон номері: 105 (қала ішінде),

8 (7172) 38 07 07

Астана қ. автовокзалы “Сапаржай-Астана”:

Анықтама қызметінің телефон номері:

8 (7172) 39 85 04, 30 35 49