Инфрақұрылым

infunstructure

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ халықаралық стандарттарға сай дамыған инфрақұрылымы бар және әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Қайта жаңарту аяқталғаннан кейін жолаушылар терминалы, жүк терминалы, аэронавигация ғимараты, өрт стансалары, зертханасы бар отын кешені, ұшу-қону жолағы, рулеждік жолдар және т.б. 33 жаңа ғимарат салынды.

Негізгі сипаттамалар:

  • әуежайдың «В»классы, жұмыс режимі – тәулік бойы. ҰҚЖ-3500х45
  • жабынның классификациялық саны  PCN 79/F/C/X/T
  • рулеждік жолдар -6
  • перронның жалпы аумағы – 332 000 шаршы метр
  • 53-ӘК арналған тұрақ орындарының саны
  • көріну нашар болған жағдайда ӘК қонуына мүмкіндік беретін заманауи ILS CAT III A жарық сигналды жүйесі. Өндірген ел Финляндия, Халықаралық авиация комитетімен сертификатталған және ИКАО талаптарына сәйкес келеді.

Арнайы техника

Бүгінгі күні «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жерүстінде сапалы қызмет көрсетуге қажетті барлық жабдықтары бар. Олар: диайсингтік жабдық, жерүстіндегі қорек көздері, контейнерлерді, паллеттерді тиегіштер, экипажға арналған минивен және жолаушыларға арналған автобустар, ассенизациялық машиналар, жолаушылар трапы, борт тамағына арналған автолифт, тартқыштар, контейнерлерге, паллеттерге, багаждарға арналған тракторлар, ауамен іске қосу қондырғысы, қар тазалағыштар және т.б. көптеген жабдықтар. Сондай-ақ авиакомпанияларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы техника бірліктері жыл сайын сатып алынып отырады.

Отын құю кешені

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ отын құю кешені сұйыққоймаларының жалпы сыйымдылығы 15 200 тоннаны құрайды. Сорғы стансасы авиакеросинді тестілеуге арналған зертхана, сондай-ақ гидрант жүйесінің бақылау орталығы бар.

Гидрант жүйесі кең фюзеляжды ұшаққа авиакеросинді 40 минут ішінде құюға мүмкіндік береді.

Авариялық құтқару қызметі

Жаңа 2 өрт стансасы салынып, ИКАО-САТ IX сәйкес сертификатталған «Mercedes»маркалы жаңа автомобильдер сатып алынды.