Тіркеу

ҰшыП шығатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және жүктерін ресімдеу әуежайдың екінші қабатында орналасқан 24 тіркеу орындарында жүргізіледі. Сонымен қатар сервистік қызмет көрсететін ішкі ұшу аймағындағы CIP, халықаралық ұшу аймағындағы VIP залдарында және Ресми делегация залында түрлі санаттағы жолаушыларды тіркейтін жеке тіркеу орындары бар.

Тіркеу процесі тіркеудің автоматты әдісі SITA DCS жүйесін қолдану арқылы және авиакомпаниялардың басқа да жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Ұшып шығатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және жүктерін ресімдеу терминалдың екінші қабатында жүргізіледі.

Халықаралық бағыттағы рейстерге тіркелу ереже бойынша ұшуға дейін 3 сағат бұрын басталады және ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Ішкі бағыттағы рейстерге тіркелу ұшуға дейін 90 минут бұрын басталады және ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады.

Астана әуежайы арқылы басқа әуе кемесіне қайта отырып ұшатын жолаушылар әуежайға ұшып келген уақытта міндетті түрде өздерінің жүктерін алып, белгіленген уақытта қажетті рейске тіркелу керек.

Жолаушылар билеттерін ресімдегеннен кейін отырғызу бақылауына өтеді, бұл да тіркеуден өткен барлық жолаушылардың әуе кемесіне отыруға өткендігін анықтайтын автоматты жүйенің көмегімен жүргізіледі. Осыдан кейін жолаушылар телескоптық саты арқылы әуе кемесінің салонына өтеді немесе оған автокөлікпен жеткізіледі.

registration