Ұшу алдындағы тексеріс

Құрметті жолаушылар!

Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу, жылжымалы әрі жылжымайтын мүлікті қайта ресімдеу және басқа қаржылық операциялық кезінде кедергілерді болдырмау үшін, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz  сайтында сот актілерді бойынша берешегін тексеруді ұсынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі Қазақсатан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық келісімдерге байланысты.

Бұл келісімдер мерзім сайын өзгеріп тұрады. Толық және нақты ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелері, сіздің елдегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінде алуға болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-сайты – www.mfa.kz.

Тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін жарамды құжаттары, көлік құралдары, тауарлар мен жүктердің құжаттары бар болғаны тұлғалардың, көлік құралдары, жүк пен тауарлардың Мемлекеттік шекарадан өтуіне негіз бола алады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасы азаматтарының шекарадан өтуі үшін мынадай құжаттардың түрлері белгіленеді:

     · Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
     · дипломаттық паспорты;
     · қызметтік паспорты;
     · жеке куәлік;
     · теңізші паспорты;
     · әуе кемелері экипаж мүшелерінің (көлік ұйымы қызметкерінің) куәлігі;
     · шекаралық табыстау поездары қызмет көрсету персоналының куәлігі;
     · үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі;
     · туу туралы куәлігі;
     · Қазақстан Республикасына қайту куәлігі.

Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған 16 жасқа дейінгі азаматтары, егер олар ата-аналарының (қорғаншыларының, қамқоршыларының) құжаттарында жазылған болса, шекарадан өте алады. Бұл ретте 3 жастан асқан балалар болса, фотосуреті жапсырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарының, олардың өтініштері бойынша уәкілетті органдардың азаматтардың жас мөлшеріне қарамай берілген Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша шекарадан өту мүмкіндігі бар.

Ата-аналарымен (қорғаншылармен, қамқоршылармен) бірге бара жатқан 16 жасқа дейінгі балалардың тұрақты тұратын жерлеріне шығуы кезінде, еріп жүруші адамның паспортында лауазымды тұлғаның қолы қойылған және визалық мөрімен бекітілген тиісті жазу жазылады.

Егер ата-аналардың (бала асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың) біреуі кәмелеттік жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан кетуіне келісімін бермейтіндігі туралы мәлімдеген жағдайда, оның Қазақстан Республикасынан шығу мүмкіндігі туралы мәселе сот тәртібінде шешіледі.

Қолданыстағы жол жүру құжаттары болған кезде кәмелетке толмаған балалардың, үлкендердің еріп жүруіңсіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет арасындағы келісім негізінде Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарды анықтау бойынша Мемлекеттік шекарадан жеңілдетілген өткізу тәртібі белгіленуі мүмкін.

Мемлекеттік шекара арқылы тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу шекаралық бақылауды, яғни: тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу негіздерінің тексерілуін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан шығаруға тыйым салынған жүк пен тауарларды анықтау және ұстау мақсатында көлік құралдары, жүк және тауарлардың тексерілуін жүзеге асыруды қамтиды.

Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға Қазақстан Республикасына ұшып келгеннен кейін көші-қон карточкасын алып, толтыру керек. Карточкада шетел азаматы (азаматтығы жоқ тұлға) туралы ақпарат бар және ол тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында уақытша болуын бақылау үшін қажет. Ал Қазақстан Республикасынан шыққанда көші-қон карточкасы паспорттық бақылаудан өткен кезде тапсырылуы (кері қайтарылуы) қажет. Көші-қон карточкасының бланкісін, әдетте, әуе кемесінде алуға болады. Сонымен қатар, оларды келу залындағы паспорттық бақылау желісі алдындағы арнайы бағаналарда таба аласыз.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тіркелу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің ресми интрнет-сайтынан – www.dvdastana.kz ақпарат алуыңызға болады.

«Астана» шекаралық бақылау бөліміндегі жағдайға уақытылы әрекет ету және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі (бұдан әрі – “ҚР ҰҚК ШҚ”) қызметкерлерінің арасында жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында шекарадан өтетін барлық азаматтардан ҚР ҰҚК ШК әскери қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері жайлы

  1. 2014 әскери бөлімнің жедел кезекшісі, тел +7 (7172) 719-500
  2. 2014 әскери бөлім штабы бастығының орынбасары, тел +7 (7172) 719-510
  3. 2014 әскери бөлімі штабының аға офицері, тел +7 (7172) 719-512  телефондары бойынша хабарласуларыңызды өтінеміз.

pogr