Фито-санитариялық бақылау

ЗҚазақстан Республикасы аумағына әкелуге жатпайды:

- карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органнның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификатынсыз;

- карантинді организмдермен залалданған, карантинге жатқызылған өнім;

- топырақ, тамыр жайған тірі өсімдіктер топырағымен;

- уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми мақсаттар үшін әкелінетін үлгілерден басқа, өсімдіктер ауруларын қоздыратын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, сондай-ақ өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер, кенелер, нематодалар, карантиндік арамшөптердің тұқымдары.

Карантинге жатқызылған өнімді әкелу, шығару оның транзитінің тәртібі мен шарттары (өсімдіктердің сыртқы карантині)

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелу, шығару сондай-ақ оның транзиті Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде:

Импорттық карантиндік рұқсаттар, карантинге жатқызылған өнімнің топтамасына, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтінімдерінің негізінде беріледі.

Импорттық карантиндік рұқсат алу үшін, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға мынадай мәліметтермен өтінім береді:

карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелудің (оның транзитінің) мақсаты және әкелінетін жүкті өлшеп ораудың әдісін және буыпт-түюдің түрін көрсете отырып, оның әр түрі бойынша жеке санын;

1) өнімнің тағайындалуы және пайдалану орны (мекен-жайы, ал транзитті жүктер үшін-бағыты және тағайындалған елі);

2) арантинге жатқызылған өнімді импорттау немесе оның транзиті ұйғарылған экспорттаушы елдің атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді шығарушы елдің атауы;

3) карантинге жатқызылған өнімнің әкелуіне белгіленген мерзімдер немесе транзиттік тасымалдаудың мерзімдері;

4) карантинге жатқызылған өнім, Қазақстан Республикасына әкелінетін шекаралық пункттің (бекеттің) атауы;

5) карантинге жатқызылған өнімді әкелуге (транзитіне) импорттық карантиндік рұқсатты алуға арналған өтінімде өтінім беруші карантиндік шараларадың өз есебінен орындалуына кепілдік береді.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекетаралық шарттарында және келісімдерінде, сондай-ақ импорттық карантиндік рұқсаттамада жазылған импорттаушы елдердің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген шарттарда жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттармен бекітілген Карантиндік объектілердің тізбесіне сәйкес карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын әкелуге (оның транзитіне) рұқсат етілмейді.

Карантинге жатқызылған өнімді сату және тасымалдаудың мемлекеттік ішкі тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)

Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдауды уәкілетті органның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификат болғанда жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификат беруді аумақтық органдардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.

Карантидік сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органға өтінімдер береді, карантиндік жай-күйін анықтау үшін өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға тапсырады.

Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, тағайындалған пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Карантинге жатқызылған өнімнің жүру жолында немесе тағайындалған пунктінде мекен-жайын өзгерту осы операциялар жүзеге аырылатын аумақтың өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органының рұқсатымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімнің жүру жолында мекен-жайын өзгертуге тыйым салынады.

Әкелінген карантиге жатқызылған өнім жүктің тағайындалған пунктінде, қайталама карантиндік тексеруге жіберіледі.

олық ақпаратты Астана халықаралық әуежайының жүк терминалында орналасқан өсімдіктер карантині қызметінен төмендегі телефон нөмірі арқылы алуға болады:

+7 (7172)  286 506

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы:

Мекен-жайы: Жиенқұлов к-сі, 2-үй, байланыс телефондары: +7 (7172) 34 54 92, 48 92 57

Өсімдік карантині қызметінің сенім телефоны:

+7 (7172) 34 54 92