Қызметтер

Құрметті авиажолаушылар!

  «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да ҚР НҚА сәйкес, Сіз: 

- тасымалдау үдерісіне байланысты кеңес-ақпараттық көмек алуға;

- алғашқы медициналық көмек алуға;

- қоғамдық тамақтандыру қызметіне құқылысыз.

Тасымалдаушы кінәсінен рейс кешіккен, тасымалдау бағыты өзгерген жағдайда авиатасымалдаушы Сізді келесімен қамтамасыз етуге міндетті:

1) жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;

2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан астам уақыт күткен жағдайда екі телефон қоңырауын шалу, соның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама жіберу;

3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан астам уақыт күткен жағдайдасалқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;

4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан астам және әрі қарай күткен кезде:

күндізгі уақытта – әрбір алты сағат сайын; түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан астам және түнгі уақытта алты сағаттан астам күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақүйге орналастыру;

6) қонақүй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақысы алынбай көрсетіледі.

Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, жолаушының қалауы бойынша, тасымалдаушы:

1) жоғарыда аталған қызметтерді ұсына отырып,  жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктіне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;

2) жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.

«Көлiк туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкес жолаушы:

Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кешіктiрілген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кешіктiрілудiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 пайызы мөлшерiнде айыппұл төлеудi талап етуге құқылы.

Тасымалдау жағдайына шағым туындағанда, Сіз уәкілетті органдарға 8(7172)286396;  286393 «жедел байланыс желісі» телефондары бойынша немесе  www.dkgsen-transport.kz сайтына хабарласа аласыз.