Жүкті уақытша сақтау

Құрметті жолаушылар! Cіздер үшін терминалдың бірінші қабатында багаж және қол жүктерін сақтау камерасы орналасқан. Уақытша сақтау камерасы тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді.

Жолаушылардың заттары мен багажының сақталуын қамтамасыз ететін және басқа жолаушылардың заттарын, сондай-ақ камера жабдықтарын кірлетпейтін кез келген орамда қабылданады.

Уақытша сақтау камерасына жарылғыш, тез тұтанғыш, уландырғыш заттар, тез бұзылатын тағамдар, қару-жарақтар, ақша, құжаттар, құнды заттар қабылданбайды. Бір багаждың салмағы 30 кг-нан аспауы керек, сондай-ақ оның жалпы өлшемі 30×50×70 см-лік параметрмен шектеледі.

Жүкті сақтаудың бір орынға арналған құны күнтізбелік күнмен есептеледі – багажды тапсырған сәттен бастап сол күнгі 24 сағатқа дейін құны 680 тг. құрайды.

Сақтауға тапсырылған жүктің ішінен жеке заттар берілмейді. Егер жолаушыға жүктің бір бөлігін алу қажет болса, ол ең алдымен жүкті қайтарып алуы қажет, сонан соң қалған заттың құнын қайта төлеуі керек.

Жүктің иесіне чек, түбіртек және жүк биркасы беріледі.

Жолаушы багаж түбіртегін жоғалтып алған жағдайда, оның жүгі міндетті түрде милиция қызметкерінің қатысуымен жазған өтініші бойынша беріледі. Жолаушының жеке куәлігі болуы тиіс, сондай-ақ ол заттарын дәлелдеуі қажет.

Сақтау камерасынан 6 ай бойы алынбаған заттар қажетсіз деп танылады және белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

Жолаушы жүк биркасын және түбіртегін көрсеткеннен кейін ғана заттары беріледі.

kamera_hraneniyakamera_hraneniya2