Көліктің әуежай аумағына өтуі

1_line2_line

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

«Астана Халықаралық Әуежайы» АҚ жолаушыларға барынша жайлы жағдай жасау үшін жолаушылар терминалының 1 (бірінші) жолына автокөліктерімен жолаушыларды түсіру/мінгізу мақсатында кіру қызметін ұсынады*.
*Аталған қызмет тек қана заңды тұлғаға көрсетіледі.

 

Жоғарыда аталған рұқсаттаманы алу үшін келесілер қажет:

     – «Астана Халықаралық Әуежайы» АҚ-мен (одна әрі Әуежай ) сәйкес келісім-шартқа тұру;

     – қызмет көрсету сәтке дейін, алдын ала, рұқсаттаманы әзірлеу және беру үшін Әуежай рұқсаттама бюросына көлік құралын тіркеу куәлігінің (техпаспорт) көшірмесін, сондай-ақ осы көлік құралдарының жүргізушілеріне берілген жүргізуші куәліктерінің және жеке куәліктерінің көшірмелерін беруге;

     – көрсетілген қызметтердің нәтижесін келісім-шарттың тәртібі мен талабына сәйкес қабылдауға және төлеуге;

     – Клиент Әуежайдың аумағында болу тәртібі туралы автомобиль жүргiзушiсіне алғашқы нұсқама өткізуге және нұсқама өткізгені туралы Әуежайға жазбаша хабарлама ұсынуға;

     – Клиенттің автокөлігі ауыстырылған жағдайда, автомобильдің саны өзгерсе, жүргiзушi ауыстырылса немесе жүргiзушiлердің саны өзгерсе, кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын Әуежайға жаңа тізімді беруге;

     – жаңа жолаушылар терминалының (одан әрі ЖЖТ) 1 (бірінші) жолда тұрған автомобиль жүргізушілеріне коммерциялық мақсатта 3 – тұлғаларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

     – авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

     – авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда авиациялық қауіпсіздік қызметіне көмектесуге міндетті;

     – Әуежайдың аумағында қолданылатын рұқсатты және ішкі объектілік режимді сақтауға;

     – Әуежайдың берген рұқсаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;

     – рұқсаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге;

     – Клиенттің қызмет көрсетілмейтін автомобильдеріне, немесе жұмыстан босатылған жүргiзушiлерге берілген рұқсаттамалардың және мерзімі өткен рұқсаттамалардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз етуге міндетті;

     – ЖЖТ 1 (бірінші) жолында бір уақытта 1 (бір) машинадан артық болмауға рұқсат етілмейді.

Сәйкес келесім-шартқа тұрған жағдайда, сонымен қатар осы келісім-шартқа сәйкес Клиенттің көрсетілген қызметтерге төлем жасалғанда, Әуежай Клиент автокөлігіне рұқсаттама (1 (бір) рұқсаттамамен тапсырыс берушінің ең көбі 3 (үш) мишинасы өтуіне рұқсат етіледі), сонымен қатар автомобиль жүргізушілеріне арналған рұқсаттамаларды (автомобиль жүргізушілеріне рұқсаттаманы әзірлеу және беру жеке төлем арқылы жасалынады ) береді.

Тарифтер және төлеу тәртібі:

1 (бір) рұқсаттама әзірлеу және беру ақысы шот негізінде 100 % алдын ала төленеді және белгіленген тарифке сәйкес:

    1 (бірінші) автомобильге:

  • 3 (үш) айға – ҚҚС-сыз 54 054 (елу төрт мың елу төрт) теңгені;
  • п12 (он екі) айға – ҚҚС-сыз 144 144 (бір жүз қырық төрт мың бір жүз қырық төрт) теңгені;
  •  
    кейінгі 2 (екінші) және 3 (үшінші) автомобильдерге:

  • 3 (үш) айға – ҚҚС-сыз 27 027 (жиырма жеті мың жиырма жеті) теңгені;
  • 12 (он екі) айға – ҚҚС-сыз 72 072 (жетпіс екі мың жетпіс екі) теңгені;
  • автомобиль жүргізушілерге 12 (он екі) айға – 3 000 (үш мың) құрайды.

Қосымша құн салығын Клиент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, төлеу бойынша міндеттер туындаған сәтте әрекет ететін ставка бойынша төленеді.

Осы жайлы толығырақ ақпаратты білу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
777-988, 777-192, 777-210.

Договор на оказание услуг по изготовлению и выдаче пропусков 2013