Duty Free

Саяхатшылар Астана халықаралық әуежайындағы «Dufry» бажсыз сауда дүкендерінен барлық соңғы сән үлгісіндегі парфюмерия, косметика, алкоголь сусындарын, темекі, тәтті тағам өнімдерін, аксессуарлар және тағы басқа көптеген заттарды таба алады. Duty free бажсыз сауда дүкені –  кез келген халықаралық әуежайдың ажырамас бөлігі болып табылады. «Dufry» дүкендері барлық халықаралық стандарттарға сай, тауарлардың бағалары, жоғары сапасы керемет таңғалдырады, әрі ұсынылып отырған белгілі әлемдік брендтердің 2500 астам тауар түрі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. “Spirit of Kazakhstan” дүкенінде («Бахус» АҚ, «Рахат» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ және т.б.) қазақстандық өндірушілердің мол өнім түрлері ұсынылған. Дүкендерде әлемдік жеңіл және тамақ өнеркәсібі ұсынатын соңғы үлгідегі барлық тауарлар бар. «Dufry» дүкені Hennessy, Сourvoisier, Сamus, Moёt&Chandon және т.б. сияқты еуропалық брендтердің премиум класты тауарларын ұсына алады, сонымен қатар қызыл және қара уылдырық, ұлттық нақышта жасалған және Swarovski кристалдарымен безендірілген кәдесыйлар, кітаптар. «Dufry» және «Spirit of Kazakhstan» дүкендері тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, жылына 365 күн жұмыс істейді.

 Дьюти-фри халықаралық ұшу залында шекаралық бақылау пунктінің артында орналасқан.  Т1 терминалында жолаушылар үшін «Dufry» компаниясының бажсыз сауда дүкені жұмыс істейді. Қазақстан астанасы Астана қаласынан халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылар  барлық қажетті заттарды таңдай алады.