Ана және бала бөлмесі

Балалары бар жолаушылар үшін әуежайда Ана мен балаға арналған бөлме жұмыс iстейдi. Бөлме 5 жасқа дейінгі балалардың ата-анасының бірімен болуы үшін қарастырылған. Бөлмелер iшкi және халықаралық аймақтарда, сондай-ақ күту залында орналасқан. Бөлмелерде ана мен балаға қажеттілердің барлығы, атап айтқанда баланың төсегі, киім ауыстыруға арналған үстел, диван, ойыншықтары бар себеттер бар. Сонымен қатар бөлме ішінде баланы жуындырып, киімін ауыстыруғысы келетіндер үшін дәретхана бар. Тәулік бойы жұмыс істейтін ана мен бала бөлмесіне кіру тегін.