Пошта бөлімшесі

«Қазпочта» АҚ – почтаның ұлттық операторы – Қазақстан Республикасы бойынша жан-жақты тараған почта бөлімшелерінің желілеріне ие. Осыған орай, Сіздерге 1-қабатта орналасқан байланыс бөлімшесінің келесі қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік беріліп отыр:/p>

- ақша аударымдары. Ақша аударымдары «Қазпочта» АҚ-тың дәстүрлі қызмет көрсету орны болып табылады, бұл шет елдерге жіберілетін халықаралық аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағы бойынша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Қазпочта» АҚ арқылы жедел жіберілетін аударымдар – бұл Жылдамдық, Ыңғайлылық, Өте жеңіл!

- «Қазпочта» АҚ бөлімшесі арқылы Сіз: Dalacom, Pathword, K-Mobile, Beeline ұялы байланыс қызметтеріне on-line режимімен төлемдерді жүзеге асыра аласыз. Сонымен қатар, төлем жасалғаннан кейін баланстың толықтырылуы бірнеше минуттың ішінде іске асырылады.

- коммуналдық, салық және басқа да төлемдерді қабылдау. «Қазпочта» АҚ-тың халыққа көрсететін ең қажетті қаржы қызметтерінің бірі коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау болып табылады.

kazpost