Кәдесый дүкені

Қазақ елінің қолөнер бұйымдары дүкені 1 және 2 қабатта орналасқан. Дүкеннен ұлттық сипатты білдіретін кәдесыйларды, сондай-ақ қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.

Кәдесый саяхаттап барған еліңіздің айқын дәлелі болмақ. Кәдесыйды сатып алу сол елдің бір бөлшегін өзіңмен бірге алып келумен бірдей. Негізінен саяхат жасаған елден алған әсеріңді таныс және жақын адамдарыңмен бөлісудің бірден бір жолы оларға барған елден кәдесый сатып әкелу. Әдетте, мұндай ой ұшаққа отырар алдында келеді.