VIP (Халықаралық)

vip-zal

Әуежай өз жолаушыларына халықаралық VIP залының қызметін ұсынады. VIP жолаушыларға арналған зал бөлек орналасқан және аэровокзал кешенінің басқа жайларынан оқшауланған, онда Сіз жұмсақ дивандарда жақсылап тыныға аласыз. Бұл жерден VIP жолаушылар халықаралық рейстерге тіркеуге, кедендік және паспорттық бақылауға өте алады. Ұшып келгенде Сізді әуежай қызметкері жеке көлiкпен карсы алады. Зал VIP жолаушыларға төмендегідей қызметтердi ұсынады:

1. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін алдын ала берілетін өтінімдерді тәулiк бойы қабылдайды
2. Авиабилеттерді жедел тiркеу, багажды ресiмдеу
3. Жолаушыларды әуе кемесінен қарсы алу және оларды әуе кемесіне отырғызу
4. Жеке көлікпен қарсы алу және отырғызу
5. Багажды және қол жүгін әуе кемесінен/әуе кемесіне жеткізуа
6. Күту залында демалу
7. Паспорттық және кедендік бақылаудан кезексіз өту.

Бар қызметтерi үшін қосымша төлем жасалады. Қызмет көрсету құны төмендегідей:

– ұшатын 1 жолаушыға қызмет көрсету – 15 000 теңге (ҚҚС-пен);
– ұшатын 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 7 500 теңге (ҚҚС-пен, негізгі тарифтің 50%);
– ұшып келген 1 жолаушыға қызмет көрсету – 10 000 теңге (ҚҚС-пен);
– ұшып келген 7 жастан – 15 жасқа дейінгі 1 балаға қызмет көрсету – 5 000 теңге (ҚҚС-пен, негізгі тарифтің 50%).

VIP залының қызметтерiн пайдалану үшiн телефон 777-108 бойынша тапсырыс жасап немесе шарт жасау қажет.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ

VIP/CIP қызметтеріне арналған өтінім нысаны

(*) толтыруға арналған міндетті жолдар!

Ұшып келу

Күні (жылы, күні, айы):*

Астананын жергілікті уақытымен (сағ. мин.)*

Рейс нөмірі*

(-дан/-ден; -тан/-тен; -нан/-нен) ұшып келуі*

Жолаушылар тізімі*

Ұшып кету

Күні (жылы, күні, айы):*

Астананын жергілікті уақытымен (сағ. мин.)*

Рейс нөмірі*

(-ға/-ге; -қа/-ке; -на/-не) ұшып келуі*

Жолаушылар тізімі*

Өтінім берушімен байланыс

Байланыс телефоны*

Эл. мекенжай

Қарсы алушы/шығарып салушы

Төлем төлеуші*

Төлем түрі*

Жолаушының Т.А.Ә көрсетілген тақтайша (қажет болған жағдайда көрсету)

Басқа ақпарат

VIP/CIP қызметтерін ұсыну ұшып кеткенге / ұшып келгенге дейін 24 сағаттан кешіктірілмей алдын ала тапсырыс бойынша қамтамасыз етіледі.

Ұшып кеткенге / ұшып келгенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей толық көлемде кредиттік карта немесе алдын ала төлем арқылы қызметті брондауға кепілдік беруіңізді сұраймыз.

Аталған өтінім жолаушылардың VIP/CIP залы арқылы өту қызметін ғана қамтиды.

ӘК салонында брондау әуежай құзыретіне жатпайды. Аталған қызмет факті және тасымалдаушымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

Әуежай арнайы іс-шараларды өткізу барысында қызметтен бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Талаптармен келісемін

Код
captcha