Фото және бейнетүсірілім

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында

фото және бейнетүсірілім жасау шарттары

Астана халықаралық әуежайының аумағында, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ фото және бейнетүсірілім жасаудың белгіленген тәртібіне сәйкес, әуежай басшылығы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарды қарап шығып, түсiрілім жасау мүмкіндігі және оның тиімділігі туралы шешім қабылдайды.

Жұртшылыққа бас қаланың тыныс-тіршілігі туралы маңызды оқиғаларды және/немесе Астана әуежайының қызметi туралы ақпарат беру мақсатында жасалатын түсiрілімдер коммерциялық болып табылмайды.

Астана әуежайының аумағында коммерциялық фото және бейне өнiмдерді жасау мақсатында жасалатын түсiрілімдер, оның ішінде деректі және көркем фильмдер, телебағдарламалар және телесериалдар, ойын-сауық бағдарламалары, музыкалық клип, жарнамалық роликтер, ойын-сауық сипатындағы баспа шығарылымдары үшін фототүсiрілімдер, коммерциялық болып есептеледі.

Түсiрілім жасау туралы сұраныс хатты жасау тәртібі:

  1. Хат басшы қол қойған ұйымның (заңды тұлғаларға) бланкісінде ресімделуі және«Астана халықаралық әуежайы» АҚ  Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти  атына жолдануы тиіс;
  2. Хатта: түсiрілімнің мақсаты, сюжеттiң тақырыбы (сценарий) көрсетiледi.

- түсірілімнің жоспарланған күні, уақыты және ұзақтығы;
· түсiрілімге қажеттi жерлер мен объектілерді нақты көрсетілуі керек;
· төлқұжат мәлiметтерiн көрсете отырып, түсiру тобының құрамы (аты-жөнi, жеке куәлік/төлқұжаттың нөмiрі және сериясы, кім және қашан берілгені, туған күні мен жері, тiркелген мекен-жайы);
· аппаратураның тізімі;
· түсіру тобының автокөлiгi Астана әуежайы аэровокзалының бiрiншi сызығына және/немесе перронға кiруi қажет болған жағдайда – автомашиналардың маркалары, мемлекеттік тіркеу нөмiрлерi және олардың иелерiнiң төлқұжат деректері;
· жауапты тұлғаның байланыс деректері.

  1. Ақпараттық түсiрілім жасауға қатысты сұраныс хаттар түсірілім басталғанға дейін түсірілім басталғанға дейін кем дегенде 3 жұмыс күні бұрын, коммерциялық – кем дегенде 7 жұмыс күні бұрын беріледі. Керісінше жағдайда, Астана халықаралық әуежайы сұранысты қабылдамауға немесе түсiрілімді басқа күнге ауыстыруға құқылы;
  2. Шетел ұйымдарынан сұраныс Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі берген (тұрақты аккредиттеу) шетелдік бұқаралық ақпарат құралының корреспондентi куәлiгiнің көшiрмесiн; визаның көшiрмелерiн; көші-қон картасының көшiрмелерiн қоса бере отырып, беріледі.

Түсірілім жасаудан бас тартуға негіздеме:

“Астана халықаралық әуежайы” АҚ әкімшілігі мына жағдайларда түсiрілім жасаудан бас тартуға немесе оларды жасау шарттарын өзгертуге құқылы:

  • әуежай жұмысының технологиялық үдерісін бұзбай түсiрілім жасау мүмкін болмаған жағдайда;
  • түсiрілім жасауға арналған өтінімді белгiленген тәртiптер мен мерзiмдердi бұза отырып ұсынған жағдайда;
  • әуежайда арнайы іс-шаралар өтіп жатқан кезде;
  • сценарийлерде Астана әуежайының жұмысы және оның қызметкерлері туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат болған жағдайда.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-та фото және

бейнетүсірілім жасауға арналған тарифтер:

Қызметтің атауы Теңгеге шаққандағы бағасы(ҚҚС-ны есепке алмағанда)
1 Аэровокзал және вокзал жаны алаңдарында бейне түсірілім жасау:
3 сағатқа дейін бейне түсірілім жасау 13 854
3 сағаттан артық түсірілім жасаған кезде, әрбір келесі сағатқа 4 618
2 Әуежайдың стерильді аймағында бейне түсірілім жасау:
3 сағатқа дейін бейне түсірілім жасау 18 843
3 сағаттан артық түсірілім жасаған кезде, әрбір келесі сағатқа 6 281
3 Перронда бейне түсірілім жасау:
3 сағатқа дейін бейне түсірілім жасау 31 109
3 сағаттан артық түсірілім жасаған кезде, әрбір келесі сағатқа 10 370

Байланысатын тұлға:
Маркетинг бөлімінің  маманы
Айлина Ками
т. +7 (7172) 777-650
e-mail: pr@astanaairport.kz