15.12.2017
Railnews.kz: “Әуежайда — кезекті рекорд!”

ктж

Жыл басынан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 4 миллион адамға қызмет көрсетті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әуежайдың осы 4 миллионыншы жолаушысы анықталды.

SCAT авиакомпаниясының DV 724 рейсімен ұшып келген Әлішер Сейфуллиннің әуежайдың 4 миллионыншы жолаушысы болып шыққаны  екені ол үшін шын мәнінде мүдем күтпеген «тосынсый» болғаны анық.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Паоло Ричиотти және SCAT компаниясының өкілі Әлішерді ұтысымен құттықтап, оған алдағы уақытта да тек сәттілік тіледі. Жеңімпазға Қазақстан бойынша SCAT авикомпаниясымен екі адамға тегін ұшуға сертификат және iPad пен басқа да сыйлықтар тарту етілді.

—  Осындай тосынсый үшін ерекше қуанып тұрмын. Күтпеген едім. Өйткені бұған дейін өмірімде ешқашан мұндай ұтыстан жеңген емеспін. Саяхаттауға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, жұбайым екеуміз бұл ұтысты тиімді пайдаланатын боламыз, — дейді елорданың 30 жастағы тұрғыны.

Сонымен қатар Әлішер Ақтөбеде іс сапармен болғанын және ұшып келген бойда үйіне кетуді ойлағанын, алайда әуежайда осындай керемет жаңалық күтіп тұрғанын күтпегенін, бірақ өте қуанышты екенін жеткізді.

Ұйымдастырушылар 4 миллионыншы жолаушыны әуежай холын шарлармен безендіріп, дастархан жайып қарсы алғаны ерекше жолаушыға ғана емес,  жалпы көпшілікке де көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны анық.

Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда астаналық әуе айлағы халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар айналымын 40 %-ға және ішкі бағыттардағы айналымды 17 %-ға арттырды.

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы IIIA – Халықаралық Азаматтық Авиация қауымдастығының дәрежесіне ие, сонымен бірге ұшу жолағына қарамастан әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдап, қызмет көрсетеді.

Әсел ШАЙХЫНОВА

Дереккөзі: https://railnews.kz/newsq/2017/12/15/%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0-%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96-%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B4.html