2.05.2017
Астана әуежайының басшылығы және қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шықты

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Астана әуежайының қызметкерлері «Қаланы таза ұстайық!» ұранымен қаланың көркейтілуі және  санитарлық тазалық үшін жалпы қалалық  сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шараға Басқарма төрағасы Паоло Ричиоттимен бірге елордалық әуежайдың 800-ге тарта қызметкері қатысты.

Әуежай аймағында төңіректі көркейту, қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, ағаштарды және бұталарды әктеу, сондай-ақ, құрғақ ағаштарды кесу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, сенбілік үшін 10 бірліктен астам арнайы техника іске қосылды, сондай-ақ, қажетті жұмыс істейтін құрал-саймандармен қамтылу ұйымдастырылды.

Астанада көктемде және күзде тұрақты өтетін қалалық сенбіліктерге қатысу –  әуежай үшін дәстүрге айналған.

IMG_82778

IMG_8287л

IMG_8310л