20.02.2017
Астана халықаралық әуежайында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

2017 жылғы 16 ақпанда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында елордалық өрт сөндіру қызметі Әуежайдың қызметтерімен бірлесіп «Елорда әуежайының қауіпсіздігі және жайлылығы» кешендік жоспарын орындау аясында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Іс-шара мақсаты – басқару органдарының іс-әрекеттерін, жасақтар басшыларының тәжірибесі мен дағдыларын жетілдіру, жеке құрамды төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде шебер іс-әрекеттерге дығдылау, сонымен қатар әуежай жасақтарының дайындық деңгейін жоғарылату.

Оқу-жаттығуларға Астана қ. ТЖД құтқару бөлімшелері, медициналық және инженерлік жасақтары, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі, көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, сонымен қатар әуежайдың авариялық-құтқару командасы тартылды. Күштер мен құралдар топтарының жалпы саны жеке құрамның 50-ден астам адамды және 30 бірл. астам техниканы құрады.

Оқу-жаттығулар үш кезеңнен тұрды. Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде әуежайда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың түрлі сценарийлері көрсетілді. Әуе кеменің авариялық отыруы және оны сөндіру, жолаушыларды эвакуациялау, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсету, ғимарат құрылмасы элементтерінің құлауы, үйіндіде қалған адамдарды табу және құтқару, қар басу салдарын жою.

Бір оқиғаның желісіне сәйкес, Ту-154 ұшағы қону кезінде авариялық шассиі ашылмай қонды, соның салдарынан сырғу кезінде шасси құрылмасы жана бастады. Қауіп-қатер дабылы жарияланғаннан кейін әуежайдың өрт сөндіру тобы, өрт сөндіру қызметінің және авариялық-құтқару жұмыстарының бөлімшелері, Апат медицинасының орталығы келді. Ұшақ жануын тоқтату үшін өрт-құтқару тобының жеке құрамы әуежайдың өрт автоцистерналарынан өрт сөндіргіш заттарды шашты. Сол уақытта зардап шеккендерді ұшақтың авариялық шығаберісінен эвакуациялап, медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

«Іс-шара барысында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізілді. Бөлімшелердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, өзара әрекеттесудегі жақсы үйлесімділікті атап өте аламын» – деді төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Марат Құндақбаев, тактикалық міндеттерді сәтті іске асыруды қорытындылап.

4 5 7