Анықтама

Жиі қойылатын сұрақтардың жауабы:

Бірінші қадамдар

«Эйр Астана» авиакомпаниясының тіркеу орындары қайда орналасқан?

«Эйр Астана» авиакомпаниясының тіркеу орындары Астана әуежайы жолаушылар терминалы В секторының екінші қабатында орналасқан.

Жануарлармен саяхатқа шыққан жағдайда авиаұшу қалай жүзеге асырылады?

Бұл мәселе бойынша Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық ақылау және кадағалау бөліміне, тел. 32-77-19, «Әуежай» халықаралық бекетіне, тел. 28-65-12, жүгіне аласыз.

Жолдама бойынша кәмелеттік жасқа толмаған баламен шетелге ұшып барамын. Ұшу үшін баланың әкесінің нотариалдық келісімі керек пе?

Осы мәселе бойынша шекаралық бақылау қызметінің +7 7172 71 95 10 телефоны бойынша шекаралық қызметтің, сонымен қатар авиатасымалдаушы қызметін алуды жоспарлап отырған авиатасымалдаушының кеңесін алу қажет.

Мен бөтен адамның багажын байқамай алып қойсам, әрі қарай не істеуім керек?

Багажды іздестіру және барлау жөніндегі агентке жүгіну қажет.

Мен шетелге кішкентай баламен ұшып барамын, ұшу барысында дәрі-дәрмек және бала тамағы қажет болады. Оларды мен қол жүгіме салуыма бола ма?

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтың (бағдарламаның) 9- қосымшасына сәйкес қол жүгі арқылы ұшу кезінде қажетті дәрі-дәрмекті, балаларға арналған сүтті (тағамды), арнайы диеталық немесе басқа медициналық керек-жарақтарды тасу балалармен жүретін жолаушыларға көзделген, сонымен қатар жолаушы әуежай тексеру пунктінде өміріне маңызды дәрі-дәрмектер сияқты САГ (сұйықтық, аэрозолдь, гель) растау үшін тегі көрсетілген (рецептегі тегі отырғызу талонындағы тегіне сәйкес болу қажет), өзіне немесе балаға рәсімделген дәрігер жазып берген анықтаманы (рецепт) көрсетеді. Рецепте емдеп жатқан дәрігердің қолы қойылып, мөрі басылады. Жолаушыдан аталған дәрі-дәрмектің түрі туралы, неге ол өміріне маңызды екені туралы, мөлшері туралы және ұшу кезінде оны қабылдау мерзімі туралы толық ақпарат алынады. Қажетті ақпарат алынғаннан кейін ғана жолаушыға жолаушылар салонында дәрілік заттарды тасымалдауға рұқсат беріледі.

Менің багажым әлі келмесе не істеймін?

Багажды іздестіру және барлау жөніндегі агентке жүгіну қажет.

Нормадан тыс багаждың артық салмағы үшін жасалатын төлем сомасын алдын ала қайдан білуге болады?

Нормадан тыс салмақ үшін төлем сомасын аталған ақпаратты ұсынуға тікелей құзіретті авиатасымалдаушы есептейді және белгілейді.

Рейс кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда менің қандай мүмкіндіктерім бар?

Әуе кеменің кеш келуіне байланысты рейстің кешігуі/ауыстыру немесе мүлдем болдыртпау кезінде, сонымен қатар ұшу бағытының өзгеруі кезінде авиатасымалдаушы жолаушылар үшін ұшу пунктінде немесе аралық пункте күту үшін жайлылық жасау қажет («Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 86-бабына сәйкес). Өтемақы төлемдерін алу үшін жер үсті қызметтің агенттеріне немесе тасымалдаушы-авиакомпаниясының Call Centre жүгіну қажет, мысалы, Air Astana қолдау қызметінің телефондары – Аламаты қаласында 8 (727) 244 44 77, Астана қаласында 8 (7172) 58 44 77 және: Егер Сіз кішкентай баламен (7 жасқа дейін) ұшсаңыз, онда Сізге ана мен бала бөлмесі (бар болған кезде) ұсынылу қажет. Өтемақы төлемінің түрі авиарейстің кешігуіне байланысты.

Рейсті 2 сағаттан астам уақыт күткен кезде:

  • ұзақтығы 5 минуттан аспайтын 2 қонырау шалу (соның ішінде халықаралық бағыттарға) немесе электронды поштамен 2 хабарлама жіберу;
  • салқын сулармен қамтамасыз ету.

Рейсті 4 сағаттан астам уақыт күткен кезде:

  • күндізгі уақытта 6 сағат сайын және түнгі уақытта 8 сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Рейсті түнгі уақытта 6 сағаттан астам және күндізгі уақытта 8 сағаттан астам уақыт күткен кезде:

  • қонақүйде орналастыру;
  • қонақүйге/ден көлікпен жеткізу.

Рейсті 10 сағаттан астам уақыт күткен кезде:

  • тасымалдаушы жолаушының тандауы бойынша жоғарыда көрсетілген өтемақыларды төлей оытырп, межелі пунктіне дейін ұшуды қамтамасыз етуге немесе жолаушыға билеттін толық құнын қайтару қажет.

Жоғарыда көрсетілген барлық қызметтер жолаушыларға қосымша ақысыз ұсынылады.

 Авиарейс авиакомпания кінәсінен кешіккен жағдайда жолаушының кешігудің әр сағаты үшін билет құнынан 3% көлеміндегі өтемақы алуға құқылы (ұшу учаскесінде болған кешігуде).

Егер жолаушы кешіккен рейсті 10 сағаттан астам уақыт күтіп, тасымалды қолданбаса, авиакомпания аивабилет бойынша жолаушыға толық құнын қайтаруға кепілдік береді, аивабилет құнынан 100%.

Сақтау камералары қызметінің құны қанша тұрады?

Бір орынды сақтау құны күнтізбелік күн үшін – қол жүгін тапсырған сәттен бастап сол күннің 24 сағатына дейін есептеледі, құны 680 теңгені құрайды.

Қабылдаған багаж зақымдалған болса, мен әрі қарай не істеуім керек?

Сізге ұшып келу залынан шықпай, тиісті актіні рәсімдеу үшін багажды іздестіру және барлау жөніндегі агентті шақыру қажет.

Қайтыс болған адамды тасымалдауды қалай ұйымдастыруға болады?

«Жүк 200» тасымалдау әуе кемесімен жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда әуе кемесімен қайтыс болған адамның сүйектерін басқа қалаға тасымалдау авиакомпаниямен міндетті түрде келісе отырып, өтінім бойынша рұқсат етіледі.

Әуе кемесімен жүк-200 тасымалдауды рәсімдеу кезіндегі ілеспе құжаттар тізбесі:

  • Қайтыс болған адамның тұлғасын куәландыру құжаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • Өлім себебі туралы медициналық мекеменің қорытындысы (ХҚКО беріледі);
  • Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциядан тасымалдауға берілетін рұқсат-анықтама (қайтыс болған жерінен);
  • Бальзамдау туралы медициналық куәлік;
  • Мырышталған табытты дәнекерлеу туралы және бөгде заттардың салынбағаны тураы акті (жергілікті билік органдарының, полиция өкілдерінің қолдары);

Қосымша:

Қайтыс болған адамды әуе кемесімен тасымалдау кезінде сүйектері мырышталған, герметикалық дәнекерленген табытқа салыну қажет, ішкі жағынан ылғалды сіңіріп алатын затпен толтырылған. Металл табыт багаждық бөлімде тасымалдау үшін тығыз жасалған ағаш жәшікке орналастырылады.

Ағаш жәшіктің көлемі:

Ені – 750 мм, биіктігі – 600 мм, ұзындығы – 1 900 мм.-ден аспауы тиіс.

Әр түрлі факторларға байланысты (қалдықтар ерекшелігіне, жүк-200 және т.б. жеткізу қажет межелі пунктіне (ҚР, ТМД, Алыс шетел және т.б. бойынша) косымша рәсімдер пайда болуы мүмкін, осыған байланысты жоғарыдағы тізбе толық емес. Қосымша ақпарат алу үшін және жүк 200 тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төменде көрсетілген көлік-логистикалық компанияларға жүгініңіз. Әр түрлі компанияларда тасымалдау құны әжептәуір ерекшеленуі мүмкін.  Қайсыбір компанияны тандаудың алдында төменде көрсетілген компаниялардан алдын ала құнын және талаптарын білуіңізді сұраймыз:

 

Компания атауы Байланыс телефондары Мекенжайы
1 ЕurAsiaTransit (ЕАТ) ЖШС

тел. +7 71 72 28 60 11,

+7 71 72 28 60 12

e-mail: astana_sales@eat.kz

ресми сайты: http://eurasiatransit.com/ru/

Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай
2 «Asia Freight» ЖШС

тел +7 7172 57 35 90,

+7 7172 24 24 17

e-mail: tse@afr.kz

ресми сайты: http://www.afr.kz/index.html

Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай, проспект Қабанбай батыр даңғ. 22
3

«VIP CARGO SERVICE» ЖШС

 

тел +7 7172 29 66 61,

ф. +7 7172 29 66 67

e-mail:admin@vipcargoservice.com

ресми сайты: http://www.vipcargoservice.kz/

Қазақстан Республикасы, Астана,

Железнодорожный кенті, Қобда тар к-сі, 4/2-үй, 14-кеңсе, 010012

 

Құжаттарды/хат-хабарларды басқа қалаға қалай жіберуге болады?

Құжаттарды/хат-хабарларды жолдау үшін «Эйр Астана»: +7 7172 28 64 78, «Скат»: +7 7172 28 65 40, «Бек Эйр»: +7 7172 28 65 39, авиакомпанияларының командирлік поштасына жүгіне аласыз.

Ұшақ билетін қай жерде қайта брондауға, ауыстыруға немесе тапсыруға болады?

Билеттермен байланысты сұрақтар тікелей авиатасымалдаушының құзіретіне жатады.

Ұшақ бортына қандай заттар алуға рұқсат етілген?

Қол жүгімен тасуға тыйым салынған заттар:

  1. Жарылғыш: дәрі, гранат, петарда, бенгал оты, патрондар;
  2. Радиоактивті;
  3. Есірткі;
  4. Тығыздалған: аэрозоль, спрей;
  5. Тез жанғыш сұйықтықтар: ацетон, бензин, спирт;
  6. Жалындайтын қатты заттар: калий, натрий, фосфор, тотық;
  7. Улы: сынап, көгерткіш қышқылдың барлық тұздары, күшәндік ангидрид;
  8. Шанышқылы және кескіш: ине, шприц, шанышқы, пышақ, қайшы және т.б.
  9. Еліктеме қару-жарақ;
  10. Оқ ататын қару-жарақтың барлық түрі;
  11. Бастары доғал заттар: бейсбол, крокет ойынында қолдынылатын биталар, кии для игры в бильярд ойынында қолданылатын кийлер, таяқ, гольф ойынында қолданылатын таяқтар, ескек, скейтборд.
  12. Аккумуляторлық батарея, литий батареялары, соның ішінде литий батареяларында істейтін өздігінен сырғанағыш, моно-дөңгелек;
  13. Құрғақ мұз;
  14. 100 мл. Астам контейнерлердегі сұйықтықтар.

Багажда тыйым салынған заттар:

  1. Жарылғыш: дәрі, гранат, петарда, бенгал оты, патрондар;
  2. Радиоактивті;
  3. Есірткі;
  4. Тығыздалған газ;
  5. Тез жанғыш сұйықтықтар: ацетон, бензин, спирт;
  6. Жалындайтын қатты заттар: калий, натрий, фосфор, тотық;
  7. Улы: сынап, көгерткіш қышқылдың барлық тұздары, күшәндік ангидрид;
  8. Құжатсыз оқ ататын қару-жарақ.  Оқ ататын қару-жарақты тасымалдау үшін қару-жараққа құжаттар қажет. Әуежайға келген кезде авиациялық қауіпсіздік қызметіне жүгіну қажет немесе  тіркеу кезінде оқ ататын қару-жарақ бар екенін көрсету қажет.
  1. Бастары доғал заттар: бейсбол, крокет ойынында қолдынылатын биталар, кии для игры в бильярд ойынында қолданылатын кийлер, таяқ, гольф ойынында қолданылатын таяқтар, ескек, скейтборд..
  2. Аккумуляторлық батарея, литий батареялары, соның ішінде литий батареяларында істейтін өздігінен сырғанағыш, моно-дөңгелек.
  3. Құрғақ мұз;
  4. Электронды темекілер.
Ұшақта жеке заттарымды ұмытып кетсем, не істей аламын?

Багажды іздестіру және барлау жөніндегі агентке жүгіну қажет.

Әуежай терминалында багаж немесе заттарымды жоғалтқан жағдайда қайда жүгінуге болады?

Багажды, киімдерді жоғалған жағдайда әуежайдың анықтамалық қызметіне жүгіне аласыз.

Әуежайда авиабилеттерді қайдан сатып алуға болады?

Жолаушылар ішкі әуе желілері аэровокзалының екінші қабатындағы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кассаларында әлемнің кез келген жеріне авиабилеттер сатып ала алады.

Әуежайда автотұрақ бар ма? Автотұрақ қызметі ақылы ма? Тұрақ қызметінің құны туралы қайдан білуге болады? Төлем терминалы қай жерде?

Астана әуежайында автокөліктерге арналған ашық ақылы тұрақ бар, 20 минутқа дейін тегін, 20 минуттан 2 сағатқа дейін – 300 теңгені, 12 сағатқа дейін – 1000 теңгені, тәулігіне – 1800 теңгені, кейінгі 12 сағат – 1000 теңгені, кейінгі тәуліктер – 1800 теңгені, талонды жоғалтқаны үшін төленетін айыппұл – 1000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, Сіздің жайлылығыңыз үшін жабық паркинг бар, көлікті тұраққа қою құны 24 сағатқа дейін – 2000 теңгені, 12 сағатқа дейін – 1000 теңгені құрайды. Тұрақ бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7172 777-146 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Әуежайда ана мен бала бөлмесі бар ма?

Әуежайда балалары бар жолаушыларға Ана мен бала бөлмесі бар. Бөлме ата-анасының біреуімен келетін 5 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бөлмелер ішкі және халықаралық ұшу залдарында, сонымен қатар күту залында орналасқан.

Әуежайда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қандай жағдайлар жасалған?

Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, науқастарға қызметті әуежайдың жолаушыларға қызмет көрсету қызметі көрсетеді. Өтінім ұсыну үшін келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: ­­­­­­­­­­­­+7 (7172) 777-173 (24/7), немесе әуежайдың анықтама қызметіне +7 (7172) 702-999 телефоны бойынша.

Әуежайда жайлы залдар бар ма? Вип-залдың қызметі қанша тұрады?

Әуежай өз жолаушыларына ішкі және халықаралық рейстерінің жолаушыларына арналған CIP/VIP залдарында қызмет көрсетуді ұсынады. CIP/VIP-жолаушылар залдары бөлек орналасқан және аэровокзал кешенінің басқа жайларынан оңаша. Онда жұмсақ дивандарда жайлы демала аласыз. Осында VIP-жолаушылар ішкі және халықаралық рейстерге тіркеуді, кедендік және шекаралық бақылауларды өте алады. Ұшып келген кезде Сізді әуежай қызметкері бөлек көлікте қарсы алады. VIP-жолаушыларға арналған зал келесі қызметтерді ұсынады:

  1. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған алдын ала өтінімдерді тәуліктік қабылдау.
  2. Авиабилеттерді тез арада тіркеу, багажды тез уақытта рәсімдеу.
  3. Әуе кемесіне/нен жолаушыларды отырғызу/қарсы алу.
  4. Бөлек көлікпен отырғызу және қарсы алу.
  5. Әуе кемесіне/нен багажды мен қол жүгін жеткізу.
  6. Күту залындағы демалыс.
  7. Кезексіз төлқұжаттық және кедендік бақылауды өту.

Бар қызметтері бөлек төленеді. Қызмет көосету құны:

— ұшып кететін 1 жолаушыға қызмет көрсету — 15 000 теңге (ҚҚС-ны есептегенде);
— 7 жастан 15 жасқа дейінгі ұшып кететін 1 балаға қызмет көрсету — 7 500 теңге (ҚҚС-ны есептегенде, негізгі тарифтен 50%);

— ұшып келетін 1 жолаушыға қызмет көрсету — 10 000 теңге (ҚҚС-ны есептегенде);
— 7 жастан 15 жасқа дейінгі ұшып келетін 1 балаға қызмет көрсету — 5000 теңге (ҚҚС-ны есептегенде, негізгі тарифтен 50%);

VIP–залдың қызметтерін пайдалану үшін 777-108 телефоны бойынша тапсырыс беру қажет немесе VIP-қызмет көрсетуге арналған шартты жасасу қыжет (заңды тұлғаларға). VIP-қызмет көрсетуге арналған өтінімдер тәулік бойы қабылданады.

Әуежайда өздігінен тіркелу дүңгіршектері бар ма?

Астана әуежайында «Эйр Астана» авиакомпаниясының жолаушыларына арналған өздігінен тіркелу дүңгіршектері бар.