19.04.2017
“Atlas Global” авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына рейс ашады

2017 жылғы 28 сәуірден бастап тұңғыш рет «Atlas Global» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына тікелей рейс ашатынын хабарлаймыз. Аптасына 2 рейс әрбір сейсенбі және жұма күндері Airbus 320 әуе кемесімен орындалады. Астана қаласынан ұшу уақыты сағат 06:30-де,  межелі әуежайға қону уақыты сағат 08:00-де (әрбір әуежайда жергілікті уақыт бойынша).

Енді Астана әуежайынан Ыстамбул қаласына дейін күнделікті қатынауға болады, бұл рейстен басқа «Air Astana» авиакомпаниясы – аптасына 4 рет, «Turkish Airlines» авиакомпаниясы – аптасына 5 рет рейсті жүзеге асырады.

Ыстамбул Астана әуежайындағы танымал бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, «Atlas Global» авиакомпаниясы Анталья қаласына күнделікті рейстер орындайды.Atlasglobal