30.11.2017
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа терминалы миллионыншы жолушыға қызмет көрсетті

2017 жылғы 5 маусым-30 қараша аралығында Т1 терминалы 1 миллион адамға қызмет көрсетті. Құрметті миллионыншы жолаушы Air Astana авиакомпаниясының КС218 рейсімен Новосибирск қаласынан ұшып келген Алексей Французов болды. Миллионыншы жолаушының аты лотерея жүргізу әдісімен, кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері мен қонақтар алдында лототроннан отырғызу талонының нөмірін алып шықты. Т1 жаңа терминалдың миллионыншы жолаушысы Air Astana авиакомпаниясының халықаралық кез-келген бағыттар бойынша бизнес классқа 2 билет, Ipad және басқа да ескерткіш сыйлықтарға ие болды.
2017 жылғы 1 қаңтар – 28 қараша аралығында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар ағынын 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3922347 адамға, яғни 25% дейін арттырды.

1 7 VBakhurevich-Millionnyi passazhir (7)