28.06.2017
Астана әуежайының басымдылығы – қауіпсіздік

Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар терминалының кіре берісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминал екі есіктен кіруге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады. Осы орайда, жолаушылардан әуежайға қосымша тексеру рәсімінен өтетін уақытты ескере отырып келуін сұраймын.