200- жүкті тасымалдау

«200 – жүкті» әуе көлігімен тасымалдау

Қайтыс болған адамның мүрдесін басқа қалаға авиациялық көлікпен тасымалдау қажет болған жағдайда, авиакомпаниямен міндетті түрде келісіп және өтінім бойынша «200-жүкті» тасымалдауға рұқсат етіледі.

200-жүкті авиациялық көлікпен тасымалдауды ресімдеу кезінде қажет ілеспе құжаттардың тізбесі:

  • Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);
  • Қайтыс болудың себептері туралы медициналық мекеменің қорытындысы (ХҚКО-да беріледі);
  • Жергілікті санитариялық –эпидемиологиялық станцияның тасымалдауға берген рұқсат – анықтамасы (қайтыс болған жері бойынша);
  • Бальзамдау туралы медициналық куәлік;
  • Мырышталған табытты дәнекерлеу және бөтен заттардың жоқтығы туралы акті (жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полицияның қолы).

Қосымша:

Қайтыс болған адамды авиациялық көлікпен тасымалдау кезінде мүрдесі мырышталған, герметикалық дәнекерленген табытқа, ішіне ылғалды сіңіретін затпен толтырылып орналастырылады. Металл табыт тасымалдау үшін багаж бөлімшесіне тығыз қағылған ағаш жәшікке орналастырылады.

Ағаш жәшіктің өлшемі:

Ені-750мм, биіктігі -600мм, ұзындығы -1900мм аспауы тиіс.

Түрлі факторларға байланысты (мүрденің ерекшелігі, 200-жүкті жеткізу қажет межелі пункт (ҚР, ТМД, Қиыр шетел және т.б. бойынша) қосымша рәсімдер туындауы мүмкін, осыған байланысты жоғарыда құжаттардың толық тізбесі көрсетілмеген. Қосымша ақпарат алу және 200-жүкті тасымалдауды ұйымдастыру үшін төменде көрсетілген көлік – логистикалық компаниялардың байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады. Әр компанияның тасымалдау құны әртүрлі болуы мүмкін. Қандай да бір компанияны таңдамас бұрын, төменде көрсетілген компаниялардың құны мен талаптарын алдын ала нақтылап алуларыңызды өтініп сұраймыз.

 

Компанияның атауы Байланыс телефондары Мекенжайы
1  ЕurAsiaTransit (ЕАТ) ЖШС

тел. +7 71 72 28 60 11,

+7 71 72 28 60 12

e-mail: astana_sales@eat.kz

ресми сайты: http://eurasiatransit.com/ru/

Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай
2  «Asia Freight» ЖШС

тел +7 7172 57 35 90,

+7 7172 24 24 17

e-mail: tse@afr.kz

ресми сайты: http://www.afr.kz/index.html

Қазақстан Республикасы, Астана, Әуежай, Қабанбай батыр даңғылы 22
3

«VIP CARGO SERVICE» ЖШС

 

тел +7 7172 29 66 61,

ф. +7 7172 29 66 67

e-mail:admin@vipcargoservice.com

ресми сайты: http://www.vipcargoservice.kz/

Қазақстан Республикасы, Астана, Железнодорожный кенті, Кобда қиылысы, 4/2-үй, 14, 010012 кеңсе