5.06.2017
Әуежайдың жаңа терминалы Мәскеу-Астана алғашқы халықаралық рейсін қабылдады

5 маусымда Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы «Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеу- Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады. Бұл күні жаңа терминал Airbus- 320 ұшағымен Мәскеуге ұшқан жолаушыларға қызмет көрсетті.

Сондай-ақ, бүгін  халықаралық бағдарларға Ташкентке («Өзбек әуежолы»)  мен Франкфуртке («Lufthansa») ұшақтар жіберу жоспарланып отыр.

«Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай арқылы жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуды бастадық»,- дейді Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

П. Ричиоттидің айтуынша, «команда қысқа мерзімде жобаны табысты жүзеге асырды». Оның айтуынша, «Астана әуежайын дамыту жобасы әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын басты байланыс желісі – Орта Азия өңірінің аймақтық хабы» болып табылады.

Астанаға келген жолаушылар қатарында Берлиннен Шаповаловтар отбасы Мәскеу арқылы әуежайдан түсті. Ол құжаттарын тексеру мен багаждары мен қол жүктерін қабылдау жедел атқарылғандығына ризашылығын білдірді.

Жолаушы Регина Шевалье жаңа терминалдың қызмет көрсету сапасына таң қалғандығын жасырған жоқ. «Маған жаңа терминал өте ұнады. Халықаралық стандартқа сай келеді»,-дейді Р. Шевалье.

Атап өтерлігі, Астана халықаралық әуежайдың жаңа терминалы Мемлекет басшысының қатысуымен биылғы жылы 31 мамырда ашылды.

Замануи  үлгідегі жолаушылар терминалының құрылысы  2014 жылғы қарашада басталып, 2017 жылы мамырда аяқталды. Жаңа терминалдың аумағы 47000 шаршы метр, жылына 8,2 миллион жолаушыны өткізеді. Жаңа терминал ескі әуежайдың өткізу қабілетін 2,5 есеге арттырды.

zha_7593_kopirovat zha_7628_kopirovat