13.06.2017
Астана әуежайының жаңа терминалында бажсыз сауда аймағы ашылды

Duty Free бажсыз сауда аймағы Астана әуежайы жаңа терминалының халықаралық ұшулар аймағында орналасқан.

Мұнда халықаралық авиажелілер жолаушылары әлем және жергілікті брендтердің 1000-ға жақын түрін сатып ала алады.

«Бажсыз сауда дүкенінің ашылуы елорда әуежайының дамуындағы маңызды қадам. Астана қаласының халықаралық әуеайлағы бола отырып, әуежайда бажсыз сауданың лайықты аймағы болу қажет және осы жобаны іске асырғанымызға қуаныштымыз» – деді Астана халықаралық әуежайы Басқармасының төрағасы Паоло Ричиотти.

Бажсыз сауда аймағының ерекшелігі «Spirit of Kazakhstan» дүкені болып табылады, осында отандық өндірушілердің жоғары сапалы өнімдері ұсынылады: азық-түлік, ұлттық символикасы бар киімдер, ЭКСПО-2017 көрмесінің кәдесыйлары және тағы басқа.

«Осы жобаның аясында сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін қазақстандық өнімінің тауарлары ұсынылған. Өнім ассортименті кейін ұлғайтылатын болады» – деді «Dufry» компаниясының бас директоры З. Рашдорф.

Елорда әуежайы жолаушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін барлық шараларды қабылдайды.

ZHA_8759 (Копировать)ZHA_8763 (Копировать)ZHA_8723 (Копировать)