14.11.2017
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылдың 10 айында жүк ағыны көлемін ұлғайтып, жолаушылардың рекордтық санына қызмет көрсетті

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылдың 1 қаңтар-31 қазан аралығында 3 609 123 жолаушыға қызмет көрсетті, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 25% асып кетеді. Ішкі әуе жолдарындағы жолаушылар саны 2256505 адамды құрады, ол былтырғы сандық көрсеткіштермен салыстырғанда 17% жоғары, халықаралық жолдарда -1352618 адам, ол 2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығындағы кезең бойынша 41% көп. Оның ішінде 904220 адамға ағымдағы жылдың 5 маусым -31 қазан аралығындағы кезеңде жаңа Терминал 1 қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 23774 рейске қызмет көрсетті, яғни 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% жоғары.

Жүк ағыны артты. Ол 10340 тонна құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38% көп.

ZHA_8128 IMG_2861