30.11.2017
24.kz: “Новосібір тұрғыны Астана әуежайының бір миллионыншы жолаушысы атанды”

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы бүгін 1 миллионыншы жолаушысын күтіп алды. Ол – Новосібір  қаласынан ұшып келген Алексей Французов. Миллионыншы жолаушы лотерея арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен көпшілік алдында анықталды. Алексей Французовқа Air Astana әуе компаниясының кез келген халықаралық бағытына бизнес класқа 2 билет және бағалы сыйлық табысталды. Айта кетейік, Астана әуежайы жыл басынан бері 4 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетті.  Алексей Французов, Новосібір қаласының тұрғыны: – Шыны керек, бұл мен үшін тосынсый болды. Бұрын мұндайды  естігенім болмаса, көрген емеспін. Осымен Астанаға екінші рет келіп отырмын. Бұл жолы іскерлік кездесу өткізу үшін бар-жоғы бір күнге ғана келдім. Қазақстандық әріптестеріммен кездеспекпін. Астанадағы әуежайдың миллионыншы жолаушысы болғаныма қуаныштымын. Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз Осы категориядағы өзге материалдар: ««Нұр Отан» партиясының қатары жастармен толықты Туған жер: БҚО-да мүмкіндігі шектеулі отбасы кәсіпкерлердің көмегімен баспаналы болды»

Дереккөзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/208835-novosibir-t-r-yny-astana-uezhajyny-bir-millionynshy-zholaushysy-atandy